×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайтарылды

Бүгін, 18:10
Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайтарылды
Видеодан алынған кадр

Астанада Кенесары ханның ескерткіші тұғырына қайта орнатылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Кенесарының ескерткіші орнына қайта қойылғаннан кейін Ерлан Қарин сол жерге барып, видео түсірді.

– Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алынған кезде әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған еді. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар “Кенесарының ескерткіші мүлдем алынып тасталды”  енді мүлдем орнына қойылмайды” деген сияқты расталмаған ақпарат таратқан болатын. Ал шын мәнісінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан ол орнынан алынды, керісінше, оны бұрынғымен салыстырғанда биіктігін де ұзартатын болды. Міне, бүгін сол жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz редакциясы Астана әкімдігіне ресми сауал жолдап, Астанадағы Кенесары ескерткіші қашан тұғырына қайта қойылатынын білген еді.

Астанадағы Есіл өзенінің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткішін 2023 жылы орнынан алынған еді.

Кенесары ханның ескерткіші – Астананың көрікті жерлерінің бірі. Бұл Қазақстандағы ең керемет ат спорты ескерткіштерінің бірі болып саналады, ол азаматтардың ғана емес, туристердің де таңданысын тудырды. Мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Шота Уәлиханов жасаған мүсін – гранит тұғырға орнатылған ат үстіндегі ханның қола мүсіні.

Серіктес жаңалықтары