Астанадағы президент бағында қабылдау үйі салынып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
architecture_astana парақшасында жарияланған видеодан болашақ Қабылдау үйінің бірінші қабатының құрылысы аяқталуға жақын қалғанын көруге болады.
Қабылдау үйінің құрылысын енді тоқтата қоймас. Қалағаныңша шағымдан, дауыс көтер – еш нәтиже жоқ. Видеодан көрініп тұрғандай, қаңқасы да тұрғызылып қойған, – делінген жарияланымда.
Ал жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары пікір қалдыру бөлімінде ашуын жасыра алмады.
Кең далада бұл ғимаратты салуға басқа орын табылмады ма?! – деп наразылық білдіреді олар.
КІМ ТАПСЫРЫС БЕРДІ
Құрылыстың тапсырыс берушісі – ҚР Президенті іс басқармасы. Ресми хабарламада Қабылдау үйінде мемлекет басшысы мен шетелдік делегациялар қатысатын жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізілетіні айтылған.