×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Баянның күйеуі Тұрсын жұмысшыларына 100 үй табыстады

27.05.2025, 08:04
Баянның күйеуі Тұрсын жұмысшыларына 100 үй табыстады

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ауыр жұмыс істеп, жылдар бойы қызмет еткен 100 қызметкеріне баспана сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, баспаналы болғандардың дені 20 жылдан астам уақыт бойы ауыр әрі қара жұмыс атқарған жұмысшылар.

Бұлар – барлық кезеңде жанымда болған, бір іс тындырған адамдар. Біз арнайы комиссия құрып, расымен де үйге мұқтаж жандарды іріктеп алдық. Көпшілігінің осы күнге дейін өз баспанасы болмаған, – деді Алагөзов.

Пәтер алғандардың басым көпшілігі – жұмысшы мамандық иелері: тазалықшылар, жүргізушілер, жүк тасушылар мен қосалқы жұмысшылар. Ал басқару құрамынан небәрі 3-4 пайыз адам ғана баспанамен қамтылған.

Алагөзовтің айтуынша, бұл бастама алғаш рет 2024 жылы ойына келген. Алайда оны іске асыруға уақыт қажет болған — шын мұқтаждарды анықтау, құжаттарды әзірлеу мен заңдық рәсімдерді аяқтау жұмыстары біраз уақыт алған.

Кәсіпкер бұл шараны жай ғана бір реттік акция емес, нақты жоспарланған және құрылымдалған әлеуметтік бастама деп есептейді. Оның айтуынша, пәтерлер еңбегі еленбей жүрген, алайда компанияның іргесін қалауға өлшеусіз үлес қосқан адамдарға арналған.

Серіктес жаңалықтары