×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

Отбасын адал жолмен асырағысы келетін адам мемлекеттік қызметке бармайды – заңгер

27.05.2025, 18:46
Отбасын адал жолмен асырағысы келетін адам мемлекеттік қызметке бармайды – заңгер
Ұлысмедиа коллажы

Заңгер Ержан Есімханов мемлекеттік қызмет пен жекеменшік сектордағы жалақыны салыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңгер Ержан Есімхановтың пікірінше, әділ әрі лайықты табыс табу мүмкіндігі жекеменшік секторда әлдеқайда жоғары. Ал бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, ондағы адами капитал сапасының әлсіреуіне апарып соғады. Әсіресе еңбекке адал ниетпен қарайтын азаматтар үшін бұл таңдау маңызды.

«Мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам еңбек өтілі бар маман жекеменшік сектордағы әріптесімен салыстырғанда 2–3 есе аз жалақы алады. Қазақстанда әкімдер мен министрлердің 2 миллион теңге көлеміндегі еңбекақысы жиі сынға ұшырайды – бірі сәл артық, енді бірі сәл кем алады. Бірақ ұмытпауымыз керек: әкім де, министр де – 15–20 жылдық тәжірибесі бар білікті кадрлар. Ал дәл осындай маман жекеменшік секторда 2-3 есе емес, 5-6 есе жоғары жалақы алады. Сондықтан отбасын асырап, туған-туысына жақсы өмір сыйлағысы келетін әрі мұның бәріне адал еңбегімен жетуді қалайтын мықты азаматтар, әдетте, мемлекеттік қызметтен бойын аулақ ұстайды. Соның салдарынан мемлекеттік аппараттағы адами капиталдың сапасы жекеменшік сектордан әлдеқайда төмен болып отыр, – дейді Ержан Есімханов.

Бұған дейін заңгер Қазақстандағы жемқорлық мәселесіне қатысты да пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, елімізде шенеуніктер бір-бірін жауып, тәртіп бұзғандарды қатаң жауапкершіліктен арашалап қалуға тырысатын тұтас жүйе қалыптасқан.

Серіктес жаңалықтары