×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

Украина-Ресей келіссөзінің екінші раунды да Түркияда өтуі мүмкін

29.05.2025, 09:00
Украина-Ресей келіссөзінің екінші раунды да Түркияда өтуі мүмкін
AP Photo

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздердің екінші раунды 2 маусым күні Ыстамбұлда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, келіссөздер процесі АҚШ, Түркия және Сауд Арабиясының қолдауымен қайта жанданды. Бұл елдер тараптарға диалог жүргізуге қолайлы жағдай жасаған.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ КЕЗДЕСУ

Бұған дейінгі, яғни алғашқы раунд 16 мамырда өткен болатын. Сол кездесуде тараптар "1000-ға 1000" формуласы бойынша тұтқындар алмасуға келіскен. Сонымен қатар, бейбіт реттеу бойынша негізгі ұстанымдарды қамтитын құжаттарды дайындауға уағдаласты.

ЛАВРОВ НЕ ДЕЙДІ

Лавровтың сөзіне қарағанда, Ресей тарапы қазірдің өзінде дағдарыстың түпкі себептерін сенімді түрде еңсеру жөніндегі ресми ұстанымын қамтыған арнайы меморандум әзірлеп қойған.

– Біздің делегациямыз В.Р. Мединскийдің басшылығымен бұл меморандумды Украина жағына ұсынуға және барлық қажетті түсіндірулерді беруге дайын, – деді Ресей СІМ басшысы.

Бұл құжат алдағы келіссөздердің негізі ретінде қарастырылып, қақтығысты тоқтатуға бағытталған келешектегі шешімдердің бағытын айқындауы мүмкін.

ТҮРКИЯ

Бұған дейін Түркия Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерге тағы да алаң ұсынуға әзір екенін мәлімдеген болатын. Ал Германия СІМ басшысы Йоханн Вадефуль Путин Украинадағы соғысты жалғастырғысы келетінін, Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізу керегін айтты. 

Серіктес жаңалықтары