"Қазмұнайгаз" басшысы Асхат Хасенов Атырау МӨЗ Ресей компаниясына сатылуы туралы сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Хасенов Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін ресейлік компания алады деген әңгімелерге пікір білдірді.
- Қазіргі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты 100 пайыз “Қазмұнайгаздың” иелігінде. Кез келген ұсынысты қарастырамыз. Қазіргі таңда штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Алдағы жоспар туралы айта алмаймын. Ол әрқашан өзгеріп отырады. Қазіргі таңда АМӨЗ-ге біз ғана иелік етеміз, біз ғана жұмыс істеп жатырмыз, дейді Асхат Хасенов.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін ҚазМұнайГаз өкілдері зауыттың сатылуы бойынша келіссөздер жүріп жатқанын жоққа шығармаған еді. Бірақ әлеуетті сатып алушылар қатарында тек «Татнефть» қана емес, басқалар да бар екенін айтты.
АТЫРАУ МӨЗ ЖАЙЛЫ
Ulysmedia.kz жариялаған мақала қоғамда біраз дүрбелең тудырды. Біз бұл мәселе бойынша Энергетика министрлігіне сұрау салған едік, алайда олар ресми жауап беруден бас тартқан болатын. Тек ресейлік «Татнефть» Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесінен үміткерлердің бірі екенін растаған.