×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Алаяқтарға алданып несие алғандардың қарызы қалай кешіріледі

29.05.2025, 13:10
Алаяқтарға алданып несие алғандардың қарызы қалай кешіріледі
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда алаяқтар атынан рәсімделген несиелерге қатысты дау тоқтар емес. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов түсініктеме берді бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ 

Қизатовтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер тек сот шешімімен ғана есептен шығарылады. Алайда жаңа заң жобасында бұл мәселені жеңілдететін тетік қарастырылып отыр.

– Жаңа заң жобасы аясында біз алаяқтық несиелерді сотқа дейінгі тәртіппен есептен шығару механизмін енгізіп жатырмыз. Егер банктер немесе микроқаржы ұйымдары несие беру кезінде берілген кезең талаптарын бұзса – яғни, клиенттің кеңсеге келуі, өз еркімен келісім беруі секілді шарттар орындалмаса (бұл оңай дәлелденеді), онда мұндай несиелер сотқа жеткізбей-ақ есептен шығарылуы тиіс, – деді Қизатов.

НЕСИЕНІ ТӨЛЕП ҚОЙҒАН БОЛСА ШЕ

Журналистер қазақстандықтардың атына рәсімделген алаяқтық несиені толықтай төлеп қойған жағдайларда, ақша қайтарыла ма деген сұрақ қойды.

– Егер несие толық өтелсе, оны есептен шығару мүмкін емес. Ал мұндай жағдайда қаражатты қайтару бойынша заңнамада арнайы норма қарастырылмаған. Егер адам әлі де төлеп жатқан болса және алаяқтық расталып, тиісті қаулы болса, онда несие есептен шығарылады, – деп түсіндірді агенттік өкілі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Соңғы уақытта Қазақстанда азаматтардың атына рұқсатсыз рәсімделген несиелер жиілеп кеткен. Жаңа заң жобасы дәл осы мәселені шешуге бағытталған. Құжат қабылданған жағдайда, алаяқтыққа тап болған азаматтар өз құқығын қорғауды жеңілдетеді.

Серіктес жаңалықтары