×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Ойланбай 15 млн теңгеге дейін қарыз беретін микроқаржы ұйымдарына кім тоқтау қояды

29.05.2025, 15:12
Ойланбай 15 млн теңгеге дейін қарыз беретін микроқаржы ұйымдарына кім тоқтау қояды
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олжас Қизатов микрокаржы ұйымдары (МҚҰ) беретін несиелер пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейбір микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) жарнамалық науқандарында 15 миллион теңгеге дейін қарыз беруге дайын екенін ашық таратып жүр. Алайда заң бойынша қарыз жүктемесі тым ауыр азаматтарға жаңа несие беруге болмайтыны көпке белгілі. Осындай жағдайда МҚҰ қызметі қалай реттеледі және олар қазірдің өзінде қарызға батқан қазақстандықтарға несие беруге құқылы ма? Осы сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовқа қойды.

Егер жеке тұлғаның басқа банк немесе микрокаржы ұйымы алдында 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі болса, ол қарызын өтемейінше, оған жаңа несие берілмейді. Яғни, егер оның осындай мерзімі өткен қарызы болса, МҚҰ оған несие бермеуі керек, – деді Қизатов.

Еске сала кетейік, сәуір айында қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар микрокаржы ұйымдарының басшылығына қатысты алаяқтық пен заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Тергеу нысанасына іліккен ұйымдар қатарында «Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit», «Салем Кредит» бар.

Серіктес жаңалықтары