Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) бас директоры Дарен Танг әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне қатты тамсанатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Дарен Танг кейбіреулер Қазақстанды білмеуі мүмкін, бірақ, Димашты анық біледі деді.
Ол таңғажайып әнші. Таңқаларлық октавада ән салады. Димаш сынды адамдар жасанды интеллектіні қолданбайды. Олар қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын пайдаланады. Өз дауысымен өнер көрсетеді. Бұл саладағы кей адамдар жасанды интеллектіні аниме сынды дүниелер жасауға қолдануы мүмкін. Зияткерлік меншік дамып, дәстүрлі жасанды интеллекті мен заманауи технологияларды біріктіріп отыр, - деді WIPO басшысы.
Дарен Тангтың айтуынша, оқыту тілі және жасанды интеллект жасайтын дүниелер соңғы 20-30 жылда дами түскен. Сондықтан барынша абай болған жөн деп есептейді ол. Бұл технологияларды жаңа дүние ретінде қараудың реті жоқ. Адамды алмастыратын Құдай сынды қарастыру да жөнсіз.
Генеративті жасанды интеллект адамды алмастыра алмайды. Әрине, ол адам креативтілікке үйретуі мүмкін. Мәселен, генеративті жасанды интеллект Пикассоны алмастыра алмайды. Сол себепті генеративті жасанды интеллектіні құрал ретінде ғана қарастыруға тиіспіз. Кейбіреулер маған «жасанды интеллекті түбегейлі өзгерті, біздің орнымызды басады» деп жатады. Меніңше, оның ауылы әлі алыс, – деді Дарен Танг.