Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Негізгі моральдық өтемақы Шынасыл Абзал мен Равиль Сакиевтен талап етілді.
Біріншіден, Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсімімен қатысты жұмсалған шығынның өтемі ретінде 2 794 000 (екі миллион жеті жүз тоқсан төрт мың) теңге мөлшеріндегі соманы өндірілді.
- Екіншіден, Шынасыл Абзалдан және Равиль Сәкиевтен ортақ үлес ретінде Нұрымов Қаржаубайдың (әкесі) пайдасына қылмыстық құқық бұзушылыққа келтірген моральдық зиянды өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұраймыз. Яғни әрқайсына шаққанда 50 миллион теңге деп есептеп отырмыз.
Шынасыл Абзалдан және Равиль Сәкиевтен ортақ үлес ретінде Бейшембиева Гүлбараға (анасы) қылмыстық құқық бұзушылыққа келтірген моральдық зиянды өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұраймыз.
Шынасыл Абзалдан және Равиль Сәкиевтен ортақ үлес ретінде Қадырова Жұмабикенің (әжесі) пайдасына қылмыстық құқық бұзушылыққа келтірген моральдық зиянды өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұраймыз. Сонымен қатар, Белқожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрболат, Қалиахмет Дидардан ортақ үлес ретінде Нұрымов Қаржаубайдың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылыққа келтірген моральдық зиянды өтеуі ретінде әрқайсынан 20 миллионғ жалпы сомасы 120 миллион теңге өндіруді сұрап отырмыз, деді адвокат Шекеев.
Сонымен қатар, Белқожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрболат, Қалиахмет Дидардан Бейшембиева Гүлбараға 20 миллион теңгеден өтемақы өндіру сұралды. Шерзаттың әжесіне де осы сомманы төлеу сұралды.
Қосымша ретінде жерлеу рәсіміне кеткен ақшаның түбіртегі тіркелген. Адвокат бұл өтемақыны психолог зерттеу қорытындысының негізінде талап етіп отырғанын айтты.
Судья әзірге жарты сағат үзіліс жариялады.