×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

«Мені тығырыққа тіреп тұрсыздар»: Балаева Назарбаев өз бастамасымен Путинмен кездесуі мүмкін деп санайды

30.05.2025, 11:40
«Мені тығырыққа тіреп тұрсыздар»: Балаева Назарбаев өз бастамасымен Путинмен кездесуі мүмкін деп санайды
Кремль

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Кремльде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі жайлы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аида Балаева кездесудің нақты жай-жапсарын білмегендіктен, пікір айтуға қиналатынын жеткізді. Дегенмен бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көтеруі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Өзім білмейтін нәрсе жайлы пікір білдіруге үйренбегенмін. Бұл кездесуді, сірә, бірінші президенттің өзі бастама еткен болар. Әрине, Путиннің баспасөз қызметі бұл видеоны жариялады. Қазір мен бұл жайында нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ келісемін: мұндай мәселелерді жан-жақты пысықтау – өте маңызды. Мұны біз реттеуге тиісті бөлек бір жұмыс блогы деуге болады, – деді министр.

Журналистер бұл сапарды "Тоқаевқа қысым көрсету ме?" деп сұраған.

Шынымды айтсам, бұл жағын ойламаппын. Сұрағыңыз мені тығырыққа тіреп тұр. Бұл туралы ойланып көрмеппін, – деді ол.

КЕЗДЕСУ ЖАЙЛЫ

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Кремльде кездескені хабарланған болатын. Алайда кездесу жайлы нақты мәліметтер жарияланған жоқ. Осы орайда саясаттанушылар бұл кездесуге қатысты түрлі жорамал жасап жатыр.

Серіктес жаңалықтары