×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Қазақстанда бала туу күрт азаяды: оның жеті себебі бар

30.05.2025, 16:50
Қазақстанда бала туу күрт азаяды: оның жеті себебі бар
Ашық дереккөзден

Алдағы 5–10 жылда Қазақстанда туу көрсеткішінің төмендеу үрдісі жалғасады. Бұл құбылыс еңбек нарығына, білім беру саласына және медицина жүйесіне айтарлықтай ықпал етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗГЕРІСТЕР

Alvin Market сарапшыларының мәліметінше, туу көрсеткішінің төмендеуі ең алдымен балаларға арналған тауарлар нарығы мен бастауыш білім беру жүйесіне кері әсерін тигізеді. Мектеп жасындағы балалар саны азайып, жеке балабақшалар мен мектептерде орындардың толық жүктелмеу қаупі бар.

Медицина саласында да өзгерістер болады: педиатрия секторы біртіндеп қысқарады, ал репродуктивті денсаулық қызметтеріне сұраныс артады.

Ұзақ мерзімді келешекте жұмысқа қабілетті адамдар санының азаюы байқалады. Бұл жағдай жалақы қорына қысым түсіріп, еңбек нарығында автоматтандыруды жеделдетуі мүмкін. Қазақстанда тұтыну сипаты да өзгеріп, ел "күміс экономикасына" — егде жастағы азаматтардың қажеттілігіне бейімделген жүйеге ауысуы ықтимал.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тенденцияны өзгерту үшін елге жаңа отбасылық саясат қажет. Оған қолжетімді баспана, жұмыс істейтін ата-аналарды қолдау және басқа да кешенді шаралар кіреді. Қазақстан демографиялық трансформация кезеңіне аяқ басқан, ал мемлекет пен бизнестің осы өзгерістерге қалай жауап беретіні елдің болашақ дамуын айқындайды.

КӨРСЕТКІШТІҢ ТӨМЕНДЕУ СЕБЕПТЕРІ

Сарапшылар Қазақстанда туу деңгейінің азаюына әсер еткен жеті негізгі себепті атап өтті:

  1. 1990-жылдардағы демографиялық дағдарыс. Қазір бала туу жасына сол кезеңде туған адамдар келіп жетті. Бұл — сан жағынан аз буын. Сонымен қатар, олардың арасында түрлі физикалық, әлеуметтік себептерге байланысты ата-ана бола алмайтындар көп.
  2. Еңбек нарығындағы тұрақсыздық. Тұрақсыз табыс пен болашағы бұлыңғыр жұмыс жағдайында балаға инвестиция жасау – көптеген отбасы үшін тәуекелді шешім.
  3. Эмиграция. Репродуктив жастағы әйелдер мен жастар, әсіресе IT саласы мен шығармашылық мамандық иелері шетелге кетіп жатыр.
  4. Отбасын құруды кейінге қалдыру. Адамдар балалы болуды кейінге шегеріп, отбасы мүшелерінің санын шектеуге бейім.
  5. Ажырасу деңгейінің жоғарылауы. 2013 жылдан бері некелесу азайып, ажырасу көбейген.
  6. Аналық жастың ұзаруы. Әйелдер ана болуды кеш жасқа қалдыра бастады.
  7. Репродуктивті денсаулықтың нашарлауы. Бедеулікке шалдыққан жұптар саны артып келеді.

Сарапшылар бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайтынын ескертеді. Егер ел қазіргі тенденцияға бейімделмесе, болашақта экономикалық және әлеуметтік дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары