×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды

22.09.2021, 22:46
ашық дереккөз

Әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың әлемдік рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

lenta.ru-дың хабарлауынша, The Economist Intelligence Unit сарапшылары қалаларды цифрлық деректер қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, қоршаған орта және жеке қауіпсіздік сияқты санаттарға бөлген. Барлық көрсеткіштер бойынша ұпайлар саны бойынша Дания астанасы  Копенгаген 82,4 ұпаймен тізімнің көшін бастады. Торонто (82,2 балл) мен Сингапур да (80,7 балл) үздік үштікке кірді. Сондай-ақ, қауіпсіз қалалар қатарына Сидней (Австралия), Токио (Жапония), Амстердам (Нидерланды), Веллингтон (Жаңа Зеландия), Гонконг (Қытай), Мельбурн (Австралия) және Стокгольм (Швеция) кірді.

Санаттарға бөлу тұрғысынан қарағанда Сидней деректер қауіпсіздігі жағынан жақсы, ал денсаулық сақтау жағынан Токио жақсы. Гонконг инфрақұрылымдық қауіпсіздік жағынан көшбасшы болса, Копенгаген жеке қауіпсіздік бойынша көшбасшы болды. Веллингтон экологиялық қауіпсіздік бойынша бәрінен озды.

Серіктес жаңалықтары