×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Қазақтелекомның TV+ платформасында қазақ тілінде 400 фильм шығады

31.05.2025, 18:00
Қазақтелекомның TV+ платформасында қазақ тілінде 400 фильм шығады
Қазақтелеком

"Қазақтелеком" АҚ әлемдік студиялардың контентіне ерекше назар аудара отырып, қазақ тіліндегі бейне мұрағатты кеңейтіп жатыр. Қазірдің өзінде TV+ платформасында еліміздегі қазақ тілді контенттің ең ірі топтамасында – 1000-нан астам туынды бар. Платформа пайдаланушыларына The Walt Disney компаниясының қазақ тіліндегі фильмдері тұңғыш рет қосымша ақысыз қолжетімді болды. 2025 жылдың соңына дейін бұл жиынтық тағы 400 фильм мен телехикаяға толығады, олардың арасында Диснейдің қазақ тіліндегі жаңа хиттері де бар.

Компания жекелеген жобалармен шектеліп қалмайды, қазақ тілді цифрлық экожүйені құру мақсатында жүйелі түрде жұмыс істейді.

– Біз үшін қазақ тілін дамыту – стратегиялық бағыт. Ана тілі: мәдениет, экрандар, цифрлық орта болсын барлық жерде естілуі керек. Бұл жай фильмдер көрсетілімі емес, арман-мақсатқа жетелеу, құндылықтар мен мәдениет қалыптастыру. Қазақстандағы әрбір бала туған тілінің болашағы зор екенін білгені жөн, – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Осы бағыт аясында компания Шымкентте халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Лило мен Стич" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімін өткізді. Іс-шараға 200 бала қатысты. Бұл оқиға инклюзия, мәдени теңдік және өскелең ұрпақтың болашағына қамқорлық танытуда маңызды қадам болды.

Іс-шарада Түркістан облысының білім басқармасының "Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиешісі Гүлнар Сарсебаева өз пікірін бөлісті:

"Тәрбиеші ретінде күн сайын балалардың жастайынан ана тілде сөйлеп, естуі өте маңызды екенін білемін. Қазақ тіліндегі сапалы контент әлі де жетіспейді, балалар тіпті ересектерге де түсініксіз шет тілдерінде бейнежазбалар жиі көреді – бұл қауіпсіз емес. Сондықтан қазақ тіліндегі мультфильмдер мен фильмдердің пайда болуының маңызы зор. Бұл жай ғана көңіл көтеру емес – балаларға мәдениет, құндылықтар және өз-өзіне деген сенімділікті жеткізу тәсілі. Контент әзірлейтін мамандардың барлығына алғыс айтамын – сіздің жұмысыңыз өскелең ұрпақ үшін өте маңызды".

TV+ платформасының сараптамасына сәйкес, қазақ тілді контентке деген қызығушылық артып келеді. Егер 2025 жылғы қаңтарда қазақ тіліндегі фильмдерді көрушілер саны 35 мың болса, сәуір айында 64 мыңнан асты. Қазақ тіліндегі ең танымал фильмдердің қатарында "Бажа 2", "Көңілді шіркейлер", "Мулан. Аңыздың тууы" және "Тыным" туындылары бар.

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына сүйенсек, TV+ абоненттік базасы 914 848 шотқа жетті, яғни 504 799 үй шаруашылығын қамтиды деген сөз. Тек бірінші тоқсанда қосымша 428 мың рет жүктелді, ал мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны 1,5 миллионнан асты.

Қазақстандықтарды қазақ тіліндегі бай медиа контентпен таныстыру үшін Қазақтелеком арнайы акция жариялады: маусым айында кез келген адам  MAUSYM_25 промокодын пайдаланып, екі аптаға TV+ платформасында толық пакетке тегін жазыла алады. Бұл қазақ тіліндегі жаңартылған фильмдер, телехикаялар мен бағдарламалар мұрағатының қызығына батуға тамаша мүмкіндік. TV + қосымшасын жүктеп алып, жарнамалық кодты мына сілтеме бойынша белсендіруге болады.

Серіктес жаңалықтары