×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

01.06.2025, 08:40
Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластануы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 2025 жылғы 1 маусымда Қостанайда, Өскеменде, Ақтөбеде, Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттар артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары