×
511.37
583.73
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.37
583.73
6.46

«Көңіліме қатты тиді»: прокурор Шерзаттың өлімі үшін ауыр баппен неге бәрін соттауға келіспегенін айтты

02.06.2025, 11:03
«Көңіліме қатты тиді»: прокурор Шерзаттың өлімі үшін ауыр баппен неге бәрін соттауға келіспегенін айтты
Ұлысмедиа коллажы

Прокурор Дана Сәрсенбай жарыссөзде жәбірленушілердің басқа да сотталушылардың әрекеттерін "топ болып адам өлтіру" бабымен істі қайта саралау туралы өтінішін неге қолдамағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ

Сот – ақиқат пен әділеттіліктің орыны. Әрбір өтініш адам тағдырына кері әсерін тигізуі мүмкін. Процес қоғамда қызу талқыланып, тікелей эфирде көрсетілгенін ескеріп, әрбір өтініш шынайы әрі заңды негізде болуы керек деп есептейміз. Кейбір жекелеген адамдардың негізсіз мәлімдемелері арқылы процесті ток-шоуға айналдыру әрекеті орынсыз. Сот отырысында біз жан түршігерлік, қоғамға қатты әсер еткен бейнежазбаны көрдік. Анасының «қой өлтіресіңдер» деген жанайқайы, «скорая» деп айқайлаған ағасының дауысы менің де көңіліме қатты тиді. Маған адами сезімдер қыз бала болған соң жат емес. Бірақ мемлекет мүддесін білдірген соң біз эмоцияға берілмей, заңға бағынуымыз керек. Ешқандай сыртқы факторлар бізге әділ шешім қабылдауға әсерін тигізбеуі тиіс. Бұл жағдайда тіпті қылмыс жасаған адам болса да оның Конституциялық құқығы, мүдделеоі сақталуы керек. Сондықтан әркім өзі жасаған қылмысы үшін жауап беруі тиіс, – деді прокурор Дана Сәрсенбай.

Бұған дейін Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары