×
511.37
583.73
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.37
583.73
6.46

Шынасылға 23 жыл, Сәкиевке 20 жыл: прокурор сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұрады

02.06.2025, 11:24
Шынасылға 23 жыл, Сәкиевке 20 жыл: прокурор сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұрады
Ұлысмедиа коллажы

Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды ұзақ жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарыссөз барысында прокурор Дана Сәрсембай Думан Ысқақты (кәмелетке толмаған) қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша 1,5 жылға соттауды, Дархан Әскентайды, Шыңғыс Белғожаевты, Нұрбол Тоқтаубаевты, Дидар Қалиахметті 293-баптың 7 бөлігімен кінәлі деп танып, оларды 7 жылға соттауды сұрады.

Прокурор сонымен қатар өздеріне тағылған айыптар бойынша Нұрқияс Ілиясовты 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға (өтелмеген жазасын қосқанда), Равиль Сәкиевті 20 жылға, ал Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды өтінді.

Жарыссөз жалғасып жатыр.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары