×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

Ресей мен Украина арасындағы Ыстамбұлдағы келіссөздер аяқталды – не белгілі

02.06.2025, 19:51
Ресей мен Украина арасындағы Ыстамбұлдағы келіссөздер аяқталды – не белгілі
Фото: ТАСС

Ыстамбұлда өткен келіссөздердің екінші раунды барысында Украина Ресейге заңсыз әкетілген балалардың тізімін тапсырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Интерфакс» агенттігіне келіссөздердің ұйымдастырылуына қатысы бар дереккөздің хабарлауынша, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер Ыстамбұлда аяқталған.

- Келіссөздер аяқталды, – деді агенттік тілшісіне сұхбат берген адам.

Осылайша, келіссөздер шамамен бір сағатқа созылып, мамырда өткен алғашқы раундтан екі есе қысқа болған.

БАЛАЛАР ТІЗІМІ

Украина Ыстамбұлдағы келіссөздерде Ресей жағына заңсыз әкетілген украиналық балалардың тізімін тапсырды. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме Ресей заңсыз депортациялаған, күштеп көшірген немесе уақытша оккупацияланған аумақтарда ұстап отырған жүздеген бала жайында болып отыр.

- Наурыз айында Джиддада өткен кездесуде біз гуманитарлық құрамдас бөлігі бар 30 күндік атысты тоқтатуға дайын екенімізді растадық. Украин балаларын қайтару – әділ әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің ажырамас бөлігі және сенімнің басты көрсеткіші. Бұл – ниеттің шынайылығын тексерудің алғашқы қадамы. Біз жауап күтеміз. Енді доп Ресей жағында, – деді Ермак.

Серіктес жаңалықтары