×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

Шынасылдың адвокаты «Шерзатты әкесі Қаржаубай өлтіріп алуы мүмкін» деген нұсқаны айтты

02.06.2025, 18:43
Шынасылдың адвокаты «Шерзатты әкесі Қаржаубай өлтіріп алуы мүмкін» деген нұсқаны айтты
Ұлысмедиа коллажы

Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі кезінде Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абзал осыдан алты жыл бұрын әкесінен айырылған. Төбелеске қатысқаннан басқа бұл баланың тәрбиесі дұрыс па деймін. Кейбір айтылған сөздерге ұялып отыр. “Кейбір жерін айтпай кетші” дейді. Бірақ мен жасырып қалмайын дедім. Бір-екі сағатқа демалып келейін деп, Эйфория мейрамханасына барған. Алдында мұны жанармай бекетінде алдында оны жабылып ұрмақ болған. Сол үшін ол қалтасына ас пышағын салып барған. Тағдыр айдап Шынасыл Қамажай дүкенінің алдына барды, – деді жарыссөзде адвокат Әбенов.

Адвокат Абзал Шынасылдың ешкімді өлтірерлік пиғылы болмағанын айтады. Сөзінше, Абзал Шынасыл тергеу барысында жанындағыларға алданып, “Шерзатқа пышақ салдым” деп айтқан. 

Біздің бәріміз қолында қандай ұзын пышақ болғанын көріп отырмыз (Қаржаубайдың – авт.) Бірақ сараптамаға қандай пышақ берді? Оны үлкен теледидармен көргенде де көрініп-ақ тұр. Неге ол адам жасырып қалды? Неге пышақты жоқ қылды? Соған қарағанда сол пышақ мүмкін Қаржаубайдың қолында жүргенде бір-бірімен итерісіп, “папа кедергі болма” деп сүйреп жүрген кезде нақақтан нақақ абайсызда тиіп кетуі де мүмкін. Оны неге біз жоққа шығарамыз? Неге сараптамамен тиянақты жауабын алмаймыз? – деді адвокат Әбенов.

Ол Шынасылды айыптау актісінен “бұзақылық” бабын қалдырып, “адам өлтіру” бабын алып тастауды соттан сұрайды.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары