×
512.1
583.64
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.1
583.64
6.5

ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясының күтпеген жерден бас директоры ауысты

03.06.2025, 09:00
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясының күтпеген жерден бас директоры ауысты
скриншот

Қуаныш Құдайбергенов KMG Kashagan B.V. компаниясының бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

OilgazKZ мәліметінше, Құдайбергенов АҚШ-тағы Chevron компаниясының бас кеңсесінде жетекші кадрларды дамыту бағдарламасына қатысушы атанған.

Оның орнына компанияның бірінші вице-президенті Бахытжан Хасанов қайта тағайындалды.

Айта кетейік, Хасанов бұл лауазымды 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың шілдесіне дейін атқарған еді – Құдайбергенов тағайындалғанға дейін.

KMG Kashagan B.V. – «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы, ол Солтүстік Каспий бойынша ӨБК аясында Қазақстан үлесін басқарумен айналысады.

Серіктес жаңалықтары