×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Қазақстанда интернет неге қымбат: басты төрт себебі аталды

04.06.2025, 18:15
Қазақстанда интернет неге қымбат: басты төрт себебі аталды
Ұлысмедиа коллажы

Журналистер цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің алдында интернет неге қымбаттап кетті деген мәселені көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сұрақты журналистер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке мәжіліс кулуарында қойды. Министр бұл саладағы тарифтер 2017 жылдан бері мемлекет тарапынан реттелмейтінін еске салды.

Бағаның өсуіне әсер ететін бірқатар фактор бар: инфляция, инвестициялық капекс (CAPEX – күрделі шығындар), еңбекақы қорының ұлғаюы. Жүктеме артқандықтан, қазақстандықтар өткен жылдармен салыстырғанда интернет-трафикті әлдеқайда көп тұтына бастады. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторлары сатып алатын шетелдік жабдықтар да бар – теңгенің кез келген деңгейде құнсыздануы тарифтерге әсер етеді. Егер нарықта қандай да бір сөз байласу (монополиялық келісім) болса, бұл мәселемен тиісті агенттік айналысады, біз оларға қолдау көрсетеміз, – деді Мәдиев.

Қазақстанда интернет тарифтерінің қымбаттауына, қызмет сапасына қатысты азаматтар жиі шағым айтады. 2024 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша, респонденттердің 12,1%-ы интернет пен ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өскенін атап өткен.

Серіктес жаңалықтары