×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

АҚШ-қа 12 елдің азаматтарының кіруіне тыйым салды

05.06.2025, 09:01
АҚШ-қа 12 елдің азаматтарының кіруіне тыйым салды
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа 12 елдің азаматтарының кіруіне тыйым салды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп елге келуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Ауғанстан, Мьянма (Бирма), Чад, Конго, Экваториалдық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруі толықтай шектелді. Бұдан бөлек, Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарының кіруіне ішінара шектеу қойылды. Бұл туралы CBS News хабарлайды.

Тыйым салу себебі ретінде АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне төнетін тәуекелдер аталды. Ақ үй өкілі шектеу енгізілген елдерде виза мерзімі өтіп кеткен азаматтар саны жоғары және жеке басы мен ықтимал қауіптері туралы ақпарат жеткіліксіз екенін хабарлады.

Алайда қос азаматтығы барлар, шектеулер қолданылмайтын елдің төлқұжатына ие саяхатшылар, Ауғанстанның арнайы визасын, дипломатиялық визасын, БҰҰ немесе НАТО визаларын иеленгендер және спортшылар үшін бұл тыйымнан ерекшеліктер қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары