×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Құпия құбылыс: Астананың аспанында белгісіз объект ұшып өтті

05.06.2025, 23:07
Құпия құбылыс: Астананың аспанында белгісіз объект ұшып өтті
скриншот

Астана тұрғындары маусымның 5-іне қараған түні аспанда ерекше құбылысқа куә болды. Куәгерлердің айтуынша, бір бағытта тізбектеліп жылжыған ондаған жарық нүкте көзге түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көпшілік алғашында бұл ұшақтар немесе дрондар деп болжаған. Алайда нысандардың қатаң тәртіппен қозғалып, аспанда бір сызық бойымен жылжуы олардың табиғи құбылыс немесе қарапайым әуе техникасы еместігін меңзеді.

Желіде тараған видеолар астында пікір қалдырғандардың кейбірі мұны SpaceX компаниясына тиесілі Starlink жерсеріктері болуы мүмкін деп топшылайды. Бұған дейін де әлемнің түрлі елдерінде дәл осындай көрініс тіркеліп, кейін бұл Илон Масктың ғаламтор тарататын спутниктері екені анықталған еді.

Алайда ресми органдар әзірге қандай да бір түсініктеме берген жоқ. Түнгі аспандағы жұмбақ нысандар Астана тұрғындарының арасында қызу пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

Қазақстанның қорғаныс министрлігі аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты төмендегі мәліметті таратты.

Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді.

Серіктес жаңалықтары