×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

"Орыс тілі  – біздің тіліміз". Латвия сеймінің депутаты отырыстан шеттетілді

06.06.2025, 11:33
"Орыс тілі  – біздің тіліміз". Латвия сеймінің депутаты отырыстан шеттетілді
LETA

Латвия сеймінің депутаты орыс тілін қорғағаны үшін отырыстан шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Латвияның сеймі (парламенті) "Тұрақтылық" партиясының жетекшісі Алексей Росликовты "Латвиядағы орыстандыру және оның тілдік салдарын жою туралы" декларацияны талқылау кезінде орыс тіліне қолдау білдіргені үшін отырысқа қатысудан шеттетті

– Орыс тілі  – бұл біздің тіліміз, – деді Росликов.

Оның айтуынша, ел халқының елеулі бөлігі –  орыстар және олар күнделікті үйде өз ана тілінде сөйлейді, ал ондай адамдарсыз елдің дамуы мүмкін емес. Осы мәлімдемеден кейін парламент спикері Дайга Миериня Росликовты “этикаға сай емес мінез-құлқы” мен отырыс кезінде орыс тілін қолданғаны үшін залдан шығару жөнінде дауыс беруді жариялады. Бұл шешімді 63 депутат қолдап, Росликов залдан шығып кетті.

Сонымен қатар, Росликов алдағы алты парламент отырысына қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

29 мамырда Латвия сеймі үшінші және соңғы оқылымда қабылдаған түзетулерге сәйкес, депутаттар қызметтік орындарда тек мемлекеттік латыш тілін қолдануға міндетті. 

2024 жылғы 20 маусымда Латвия парламенті елде тұрып жатқан ресейліктерге тұруға ықтиярхатты ұзарту үшін латыш тілі емтиханын тапсыруды міндеттейтін заң қабылдады. Бұл өзгерістер 2003 жылға дейін ықтиярхат алғандарға қатысты, ал 75 жастан асқан адамдарға бұл талап қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары