×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Шерзат сотында куә болған Эльмира Нұрбекова адвокатқа қарсы шағым түсірді

Бүгін, 13:46
Шерзат сотында куә болған Эльмира Нұрбекова адвокатқа қарсы шағым түсірді
ulysmedia коллажы

Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе қорғануға құқы бар куә болған Эльмира Нұрбекова адвокат Джохар Утебековтің үстінен шағым түрсірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесіне қатысты сын пікір айтып жүрген адвокат Джохар Утебеков өзінің үстінен осы іс бойынша қорғануға құқы бар куә болған Эльмира Нұрбекова шағым жазғанын айтты. Шағым Алматы қаласының адвокаттар алқасына түсірілген.

 Мен шағымның полиция қызметкерінің өтініші бойынша жазылғанын түсіндім. Себебі мәтінде ол полиция жаргондарымен, «өз қолыммен жазылды» деген сияқты заңдық терминдерді қолданған. Ең қызығы, Нұрбекова ханым полиция, прокуратура, сот төрелігін қорғайды. Ол менің оларға қысым жасап, жалған ақпарат таратып жатыр деп алаңдайды. Оның не себепті олардың адвокаты болып отырғаны мені таң қалдырды. Менің ойымша, ол әйелді пайдаланған сияқты. Әйтпесе ол тым ақылды болап кеткеннен маған қарсы шағым түсіріп отырған жоқ, – деді Джохар Утебеков «Гиперборей» You Tube арнасына берген сұхбатында.

Эльмира Нұрбекова былтыр Талғарда болған төбелес кезінде іс бойынша күдікті деп танылып, сотталған 9 адаммен бірге оқиға орнында болған. Ол істе куәгер ретінде танылған. Жауап алу кезінде өзінің оқиға болған күні шок жағдайда болғанын айтқан. Бірақ кейіннен сотта көрсетілген бейнежазбада оның төбелес жайында күліп, айтып отырғаны белгілі болған. Прокурор Дана Сәрсенбай соттан Эльмира Нұрбекова мен тағы бір кәу Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығарып, қайта тергеу жүргізуді сұраған.

5 маусымдағы үкім оқыған сот прокурордың бұл өтінішін қанағаттандырған. Сот іс бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сәкиевті 20 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға, Нұрқияс Ілиясовты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Өзге күдіктілер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ бір жарым жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары