×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Астана аспанындағы жұмбақ нысанның не екені айтылды

06.06.2025, 16:43
Астана аспанындағы жұмбақ нысанның не екені айтылды
скриншот

Астана аспанында байқалған белгісіз құбылысқа байланысты цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz .

Министрлік мәліметінше, алдын ала деректер бойынша бірнеше нұсқа бар. Оның ең негізгісі ғарыш нысанының атмосфераға құлауы.

Халықаралық бақылаушылар үш ықтимал нұсқаны айтды:

  • Қытайдың Zhuque-2 Enhanced зымыранының үдеткіш бөлігі (атмосфераға 5 маусым күні шамамен 22:40 енген)
  • SpaceX компаниясының ескі Starlink серігінің құлауы (6 маусым 03:41 шамасында)
  • Жапонияның Н-2 зымыранының үдеткіш блогы атмосфераға енген (6 маусым 00:36 шамасында)

Министрлік уайымдауға ешқандай негіз жоғын айтты. Бұған дейін әлеуметтік желіде Астана аспанында жарқыраған белгісіз нысан бейнеленген видео тараған. Оған қатысты түрлі болжамдар да айтылған. Кейбірі оны дрон жарықшақтары деген.

Серіктес жаңалықтары