×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бас бостандығынан айырылады: БҚО тұрғыны жаңа туған сәбиін сатты

23.09.2021, 00:57
Бас бостандығынан айырылады: БҚО тұрғыны жаңа туған сәбиін сатты
ашық дереккөз

Жаңа туған нәрестені Бөрілі ауданының тұрғыны сатып алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҚО-ның 28 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрестесін Бөрілі ауданының екі тұрғынына сатқан.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі, 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Бұл бап мүлікті тәркілеумен бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.