×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Қазақстан үкіметі Қытайдан бір миллиард юань қарыз алмақ

Бүгін, 13:03
Қазақстан үкіметі Қытайдан бір миллиард юань қарыз алмақ
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ

Кездесу барысында 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы рекордтық көрсеткішке — 44 миллиард АҚШ долларына жеткені айтылды. 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша да сауда өсімін жалғастырған: былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда тауар айналымы 3,4%-ға артқан.

ҚАРЫЗДАР

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ICBC Қазақстанда “Алматыдағы Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкі” АҚ еншілес ұйымы арқылы жұмыс істейді. Бектенов пен Лю Цзюнь арасындағы кездесуде ICBC банкінің Қазақстан экономикасының негізгі салаларын қолдауға қатысып жатқаны, оның ішінде “Бәйтерек” холдингімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы үлес қосып отырғаны айтылды.

Мәселен, 2025 жылғы наурызда холдинг Қытай валютасымен 430 миллион юань көлемінде қаржы тартып, бұл қаражат Аграрлық несие корпорациясын қаржыландыруға бағытталған.

Қазір “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ үшін 1 миллиард юаньнан астам қосымша қарыз тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ Қытайдың қарыз нарығына шығып, 5 миллиард юаньға дейінгі облигациялар шығару мүмкіндігі талқыланып жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін растады.

Серіктес жаңалықтары