Синоптиктер ертең, 8 маусымда республиканың барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, солтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с.
Абай облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 36 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпін – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.