×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мирзиеев Лукашенконың ескертуіне жауап берді

16.01.2022, 10:36
Фото: Ашық дереккөзден

ҰҚШҰ отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко «Қазақстанда болған оқиғадан Өзбекстан сабақ алуы керек» деп мәлімдеген болатын. Өзбекстан президенті жауапсыз қалмады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шавкат Мирзиеевтің сөзін баспасөз хатшысы Шерзод Азадов телеграм арнасында жазды.

Президент Шавкат Мирзиеев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында кейбір мемлекет басшыларының Өзбекстанға қатысты мәлімдемелері жөнінде пікірін білдірген.

«Күні кеше кейбір мемлекеттердің басшылары Өзбекстан Қазақстанда орын алған оқиғалардан сабақ алуы керек деген негізсіз мәлімдемелер жасады. Біз аймақтағы жағдайды, оның қауіпсіздігіне төніп тұрған барлық қауіп-қатерлерді жіті бақылап отырамыз. Бізде кез келген қауіп-қатерге лайықты ден қою үшін барлық қажетті әлеует пен күш бар», - деген Шавкат Мирзиеев.

 

Серіктес жаңалықтары