Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп адамдардың жеке деректерін заңсыз жинап, сатқан топ ұсталғанын хабарлады. Министрлік мәліметінше, деректер мемлекеттік базалардан алып, Telegram арқылы таратылған. Оның ішінде бірқатар коллекторлық компанияларға да берілген.
Жеке деректерді сату күдігімен 140 адам ұсталған. Оның ішінде компания басшылары мен Telegram арна әкімшісі де бар.
Қазіргі кезде бес адам қамауға алынды. Тінту барысында коллекторлық компаниядан 400 компьютер мен өзге де электронды техника тәркіленді, – делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Оқиға бойынша ҚК 205-бабының 3-бөлігі, 147-бабының 5-бөлігі және 211-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.