×
508.5
580.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.5
580.66
6.44

Астанада Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы басталды

10.06.2025, 11:21
Астанада Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы басталды
Ulysmedia.kz

Астанада Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жәбірленуші тарап жеке мәліметтердің жария болуын қаламайтынын алға тартып, сотты жабық түрде өткізуді талап етуде. Ал Сәкен Мамашаның өзі ашық сот отырысын қолдайтынын айтты, дегенмен БАҚ өкілдерінен өзінің фотосын жарияламауды сұрады.

КАРИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш Астанада ұсталғанын хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары