Украинаның сыртқы барлау қызметінің басшысы Николай Маломуж Қазақстанға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше Қазақстан соғыстың алдын алу үшін батыс елдерімен әскери келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маломуж Қазақстан Ресеймен ұзақ мерзімді көзейтін, тиімді қарым-қатынас орнатқан дейді. Оның сөзінше, соғыстың алдын алу үшін Астана Батыс елдерімен әскери келісімдер жасасқан. Ол мысал ретінде, Қазақстанның Ұлыбритания мен Канаданың бірлескен компаниясымен өз аумағында патрон зауытын ашқанын айтты.
Бұдан бөлек, Николай Маломуж Қазақстанның 2025-2026 жылдарға арналған Ұлыбританиямен жасасқан әскери әріптестік туралы келісімін де сөз еткен.
Ресей оны қабылдайды (Астана мен Лондан келісімін) және ешқандай соғыс болмайды. Себебі енді Қазақстанмен соғысатын болса, онда ол арқа тұсынан соққы алады. Оның ешқандай алғышарттары да жоқ. Астана сияқты соғыстың алдын алу қажет. Халықаралық келісім, экономика, қауіпсіздік, саяси қолдаулар арқылы батыс стандарттарына жақындау керек. Сол уақытта ресейліктер Украинаға келмес еді, – деді Николай Маломуж Украинаның 24 онлайн арнасына берген сұхбатында.
6 маусымда Қазақстан мен Ұлыбритания әскери әріптестік бойынша келісімге қол қойғаны туралы ақпарат тараған. Келісімнің негізгі бағыттары ретінде бітімгерлік күштер, тіл үйрену, Қазақстан әскерін Ұлыбританияның әскери оқу орындарында оқыту салалары көрсетілген.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери келісімді бұлған дейін Ресейдің пропагандалық журналисі Тина Канделаки сынаған.
Ресейдің қас жауы саналатын елмен әскери әріптестік орнату – бұл теміржол станцияларын қайта атау емес. Былтыр осыған қатысты пікірім үшін мені Қазақстанның №1 жауы етіп шығарған. Бірақ бұл – одан да күрделі мәселе. Еске салайын, Қазақстан – ҰҚШҰ-ның (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – ред.) мүшесі. Дәл осы әскери блок 2021 жылдың қаңтарында президент Тоқаев пен оның айналасын әскери төңкерістен құтқарып қалды, – деген Тина Кенделаки.
Қазақстанға қарата ресейлік саясаткерлер мен пропагандалық журналистер арандату формасындағы мәлімдемелері жиі жасады. Қазақстан олардың кейбіріне елге кіруге тыйым салып, нон грат тұлғалар қатарына кіргізген. Соның ішінде Тина Канделаки де бар.