×
508.42
580.72
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.42
580.72
6.48

Саясаттанушы Жақсылықов не үшін отставкаға кеткенін айтты

10.06.2025, 19:20
Саясаттанушы Жақсылықов не үшін отставкаға кеткенін айтты
gov.kz

Саясаттанушы Марат Шибутовтың пікірінше, Қазақстан Ұлыбританиямен әскери келісім жасамауы керек еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Шибутов бұл келісімді қылмыспен теңестірді. Оның айтуынша, Ұлыбританиямен жасалған дәл осы келісім Руслан Жақсылықовтың министрліктегі қызметінен айырылуына себеп болған.

– Қазір (бұл келісімге – ред.) қол қоюға болмайтын кез еді. Себебі қазіргі уақытта Ұлыбритания – Украинадан кейінгі Ресейдің басты қарсыласына айналды. Ал Ресей – біз құрамына кіретін ҰҚШҰ-ның одақтасы. Ұлыбритания әскери қақтығыстарға тікелей қатыспағанымен, операцияларды жоспарлау, әскерилерді оқыту және қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу арқылы жанама түрде белсенді араласып отыр. Бұл ашық әскери қақтығысқа ұласуы да мүмкін. Сондықтан Руслан Жақсылықов дәл қазіргі жағдайда мұндай жоспарға қол қоюға болмайтынын түсінуі керек еді. Ол – саяси мемлекеттік қызметші, демек саясатты жете түсінуі қажет болатын. Бұл – қылмыстан да сорақы қателік болды, – дейді Шибутов.

КЕЛІСІМ ЖАЙЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

6 маусым күні Қазақстан мен Ұлыбританияның қорғаныс министрліктері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойғаны хабарланды. Құжатқа сәйкес, тараптар бейбітшілікті сақтау, тілдік дайындық және қазақстандық әскери қызметкерлерді Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында оқыту бағытында жұмыс істемек.

Серіктес жаңалықтары