×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Рақымшылық заңы жемқорларды айналып өтеді – олар түрмеде қалады

11.06.2025, 09:34
Рақымшылық заңы жемқорларды айналып өтеді – олар түрмеде қалады
Ұлысмедиа коллажы

Мәжілісте Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАПИДІҢ САУАЛЫ

Заң жобасын талқылау барысында депутат Ермұрат Бапи заң жобасының екінші бабына сәйкес, қылмыс жасаған адам әлдекімге зиян келтірмесе немесе зиянын өтесе, мұндай орташа қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылатынына назар аударды. Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың мерзімдерін қысқарту көзделгенін атап өтті.

Бізде сыбайлас жемқорлық деген бір дерт бар. Осылардың жағдайы не болады? Оларды біз рақымшылыққа жатқызамыз ба? Себебі жемқорлықтың үлкен-кішісі болмайды. Аздап жемқорлық, толық жемқорлық деген тағы болмайды. Сонда оны жеңіл қылмыс, ауыр қылмыс деген сияқты қалай жіктейсіздер, - деп сұрады депутат Ермұрат Бапи.

ЖАУАП

Бұл сауалға жауап берген Абзал Құспан заң жобасының төртінші бабында рақымшылыққа ілінбейтін шектеулер нақты көрсетілгенін жеткізді.

Осы төртінші бапта қандай баптарға рақымшылық қолданылатыны нақты жазылған. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың барлық санаттағы істеріне рақымшылық қолданылмайтыны айқын көрсетілген. Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде 624 адам осы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстары үшін отыр. Олардың ешқайсысына да рақымшылық аңының талаптары қолданылмайды, - деді депутат. 

ҚАНША АДАМ ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛАДЫ

Заң жобасын қорғаған депутат Абзал Құспанның айтуынша, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған сотталғандарды босату көзделеді. Атап айтқандай: 

  • қылмыстық теріс қылықпен онша ауыр емес қылмыстарды жасағандар;
  • зиян келтіруге әкеп соқпаған, ауырлығы орташа қылмыс жасаған не оны толық өтеген адамдар;
  • залалдың немесе азаматтық талаптың болғанына қарамастан ауырлығы орташа қылмыс жасаған, әлеуметтік жағынан осал адамдарды босату көзделген. 

Түрмелер мен уақытша ұстау изоляторларында 40 мыңнан астам адам ұсталып отыр. Олардың 33 мыңы сотталған. 7 мыңы тергеу қамауындағы адамдар. Бұдан бөлек бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес 27 мың адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрғаан 9 мың адам қамтылады. Қылмыстық атқару мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған бостандыққа шығады, – дейді ол.

Депутат қылмыстық жазадан сонымен қатар жаза мерзіміне тек бір жыл қалған, оң мінездемесі бар 1700-ден астам азаматтар босап шығу көзделген. Ол өзгеріс заң жобасының екінші және үшінші баптарында көзделген. Пробация есебінде тұрған 5500 адамға жазаны саралау тәртібі қолданылады.

Сонымен қатар әлеуметтік осал адамдар санатындағы 629 адамның 57-і босап шықса, 572-нің мерзімі қысқартылады. 833 әйелдің 109-ы босап шықса, 724-нің мерзімі қысқыртылады. Заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасағандарға қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары