×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Қазақстанда ет, сүт, көкөніс пен жеміс-жидек күрт қымбаттап кеткен

11.06.2025, 11:22
Қазақстанда ет, сүт, көкөніс пен жеміс-жидек күрт қымбаттап кеткен
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,9%-ға, ал бір жылда 9,6%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлік бөліністе айлық динамикада бағаның ең жоғары өсімі Батыс Қазақстан (2,6%), Жетісу (1,8%) және Абай (1,5%) облыстарында тіркелген. Ең төмен өсім Астанада байқалған – бар болғаны 0,1%. Ал Қарағанды облысында бағалар өткен ай деңгейінде қалған. Мұндай мәліметтерді energyprom келтіреді. Жылдық динамикада бағаның ең жоғары өсімі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. Ең төмен өсім – Алматыда (8%).

ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС

Атап айтқанда, елде жеміс-жидек пен көкөніс бір айда 0,8%-ға, ал бір жылда 17%-ға қымбаттады. Қазақстандағы базарлар мен дүкендердегі жеміс бағасы мынадай болды: алма – 751 теңге/кг, банан – 1,1 мың теңге/кг, апельсин – 1,2 мың теңге/кг, лимон – 1,5 мың теңге/кг, курага – 4 мың теңге/кг. Көкөністер сегментінде картоптың орташа бағасы – 276 теңге/кг, қырыққабат – 212 теңге/кг, пияз – 204 теңге/кг, қызылша – 409 теңге/кг, сәбіз – 219 теңге/кг, қияр – 647 теңге/кг, қызанақ – 988 теңге/кг.

СҮТ ӨНІМДЕРІ

Баға бір айда 0,9%-ға, ал бір жылда 7%-ға өсті. Пастерленген сүттің бағасы – 417 теңге/литр (2,5% майлылық) және 519 теңге/литр (3,2%–4% майлылық), қаймақ – 2,1 мың теңге/кг, айран – 451 теңге/литр, сүзбе (5%–9% майлылық) – 2,2 мың теңге/кг, қатты ірімшік – 5,5 мың теңге/кг.

ЕТ

Ет пен ет өнімдерінің бағасы бір айда 1,3%-ға, ал бір жылда 10,4%-ға өсті. Қазақстандықтар арасында ең танымал ет түрі – сүйекті сиыр еті, оның бағасы 2025 жылғы мамырда ел бойынша орташа есеппен 3,1 мың теңге/кг болды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1,9%-ға, ал бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,3%-ға жоғары. Қой еті бір айда 2,9%-ға, бір жылда 14,3%-ға қымбаттап, 3,2 мың теңге/кг болды. Шошқа еті бір айда 0,9%-ға, бір жылда 3,5%-ға өсіп, 2,3 мың теңгеге жетті. Жылқы еті бір айда 0,5%-ға, ал бір жылда 5,4%-ға өсіп, 3,2 мың теңге болды.

НАН МЕН ЖАРМА

Нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бір айда 0,6%-ға, ал бір жылда 3,3%-ға қымбаттады. Жоғары сортты ұнның бөлшек саудадағы орташа бағасы – 412 теңге/кг, бірінші сортты ұн – 222 теңге/кг. Қарабидай-бидай наны – 550 теңге/кг, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан – 426 теңге/кг, сол ұннан пісірілген нан – 219 теңге/кг. Макарон өнімдерінің бағасы мынадай болды: вермишель – 638 теңге/кг, лапша – 1,4 мың теңге/кг, рожки – 613 теңге/кг. Бірқатар жарма түрлерінің жылдық динамикада арзандауы байқалған: күріш – жылына 8,3%-ға арзандап, 632 теңге/кг, қарақұмық – 12%-ға арзандап, 435 теңге/кг, сұлы жармасы – 3,3%-ға арзандап, 644 теңге/кг. Сонымен қатар, манка – 8%-ға қымбаттап, 526 теңге/кг, арпа жармасы – 2,5%-ға өсіп, 410 теңге/кг, тары – 0,6%-ға қымбаттап, 515 теңге/кг болды.

Серіктес жаңалықтары