Башқұрттың Ay Yola тобы бейнебаянында Маңғыстау өңірінің тұмса табиғатын паш етпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Yola» әнінің негізінде мифологиялық кейіпкер – «Орал-батыр» эпосындағы Ұмай бейнесі. Ұмай – білімнің сақтаушысы әрі нұрдың символы. Топ бұл мәдени сабақтастықты бейнебаян арқылы жеткізуді мақсат тұтып, табиғат көріністерін көне эпос рухына үйлестіре бейнелеген.
БЕЙНЕБАЯН ЖАЙЛЫ
Клип түсірілімі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Саха Республикасы (Якутия) және Башқұртстан аумағында да өткен. Мұның арқасында түрлі табиғи ландшафттар мен этникалық нақыштарды біріктірген көркем әрі мазмұнды видео туындады. Топ мүшелерінің айтуынша, бейнебаянның ресми премьерасы 13 маусымға жоспарланған.
Айта кетейік, топ Маңғыстау табиғатының көркем көріністері мен башқұрт фольклоры арасындағы рухани жақындықты да ерекше атап өтуді көздейді. Бұл туралы аймақтық қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.
Ay Yola – 2024 жылы Уфа қаласында құрылған башқұрт этно-поп тобы. Топ «Урал батыр» музыкалық альбомындағы екінші ән – «Homay» арқылы кеңінен танылды. Бұл шығарма нағыз хитке айналып, түрлі платформаларда миллиондаған қаралым жинады.