×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Саясаттанушы жаңа көлік министріне қандай талап қойылатынын айтты

11.06.2025, 16:26
Саясаттанушы жаңа көлік министріне қандай талап қойылатынын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше, бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаевтың отставкасы Қазақстанның Қытай бағытындағы көлік-логистика саласындағы кемшіліктермен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Чеботарев Қарабаевтың отставкасы мемлекет басшысының мамыр айындағы сынынан кейін болғанын еске салды. Саясаттанушының пікірінше, президенттің сынының басым бөлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистика саласына қатысты болуы мүмкін.

Сол себепті жаңа министрдің алдына ең бірінші осы бағыттағы жұмысты жолға қою міндеті қойылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы теміржол жобаларын тиімді іске асыру қажет болады.

– Бір нәрсе анық – бұл жобалар екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтып қана қоймай, сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға бағытталған. Сондықтан көлік министрі қызметіне осы жобаларды тез әрі сапалы іске асыра алатын адам тағайындалады деп күтуге болады, – деді Андрей Чеботарев.

СКЛЯР

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көлік министрі қызметінен кеткен Марат Қарабаевтың отставкасына қатысты пікір білдірген болатын. 

МАРАТ ҚАРАБАЕВ

Марат Қарабаев көлік министрі қызметін 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқарды. Ол 8 маусымда отставкаға кетті. Ал 14 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген. Сол жиында Марат Қарабаевқа жұмыстағы кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған еді.  Сол жиында мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырған.

Серіктес жаңалықтары