×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Екі аяғынан айырылған Алуаның жақындары автопарк басшылығымен кездесіп, мәлімдеме жасады

12.06.2025, 09:41
Екі аяғынан айырылған Алуаның жақындары автопарк басшылығымен кездесіп, мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Астанада автобуста апатқа ұшырап, екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары жантебірентерлік мәлімдеме жасады. Олар «Автопарк №1» басшылығымен өткен кездесу туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алуаның туыстарының айтуынша, олар «Автопарк №1» басқарма төрағасы Мадияр Түкпатовпен өте ауыр әрі эмоциялық әңгіме өткізген.

- Бұл – қарапайым ғана емес, үлкен адамгершілік танытқан кездесу болды. Ол біздің жан жарамызға, Алуаға деген шын жанашырлығын көрсетті, – деді Алуаның ағалары Мадияр мен Бахтияр.

Олардың сөзінше, апатқа жауапкершілік алып отырған автопарк басшысы Алуаға және оның анасы Махаббаттың басқа төрт баласына өмір бойы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге уәде берген.

– Қазір бізге заңгерлер мен экономистер көмектесіп жатыр. Олар Алуа мен отбасының өмір бойғы қажеттіліктерін инфляцияны ескере отырып есептеп бермек. Бұл уәдені заңдық тұрғыда қалай рәсімдейміз, әкімдіктің араласуы қандай болады – бәрін сіздерге хабарлап отырамыз, – делінген мәлімдемеде.

ОТБАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Алуаның жақындары барша қазақстандықтарға шын жүректен алғыс білдірді.

– Бізге бей-жай қарамай, лайк басқан, репост жасаған, пікір жазған, тікелей хабарласқан әрбір жанға ризамыз. Алуаға тілекші болып, дұға арнаған, жандары ауырып, бөліскен әрбір адамға алғысымыз шексіз. Ақшалай, азық-түлікпен, ойыншықпен немесе жылы сөзімен қолдау көрсеткен әрқайсыңызға мың алғыс, – дейді туыстары.

Олардың айтуынша, Махаббат күндіз сабыр сақтағанымен, түнде көз жасына ерік берген. 

– Біз бәрін оқып отырдық. Махаббат бәрін оқып шықты. Жүрегі елжіреген әр қазақтың ықыласы – бізге демеу болды. Енді, міне, сіздердің арқаларыңызда Алуаға барынша жайлы болашақты заңды түрде бекітуге кірістік. Бүкіл отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз! – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ олар көлік қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселелерді автопарк пен әкімдік алдында көтеретіндерін айтты.

ЖОЛ АПАТЫ

Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылып, жол апаты қоғамда үлкен резонанс туғызды. 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Ең қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды. Дей тұрғанмен бұл апатқа қатысты маңызды бір жайт – әкімдіктің жанама жауапкершілігі болуы мүмкін деген мәселе көптің назарынан тыс қалып барады. Ulysmedia.kz осы жағдайды тереңірек зерттеп көрген еді.

Серіктес жаңалықтары