×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Қаржы мониторинг агенттігі Дубайдағы қазақ шенділерінің байлығын өздігінен тексере алмайды

12.06.2025, 14:52
Қаржы мониторинг агенттігі Дубайдағы қазақ шенділерінің байлығын өздігінен тексере алмайды
ulysmedia коллажы

Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қандай жағдайда БАӘ қазақстандық шенеуніктердің байлығының шығу тарихы зерттелетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанадағы ғылыми конференция аясында журналистер сұрағына жауап берген Жеңіс Елемесов қандай да бір орган қажетті дәлелдер ұсынған жағдайда агенттік шенеуніктердің аста-төк байлығын тексереді деді. Оның сөзінше, қаржы мониторинг агенттігі өздігінен тексеру жүргізе алмайды.

Иә, әрине біз оған мүдделіміз. Егер сізде бұл активтер заңсыз жолмен табылғаны туралы ақпарат болса, ол ақпаратты бере аласыз. Біз қандай да бір тексеру жүргізуге құзыретті орган емеспіз. Онымен айналысатын арнайы органдар бар. Тексеру жүргізіп, арнайы шешім немесе акты толтырып, құзырлы органдарға беретін. Егер осындай шешімдер бізге келіп түсетін болса, бір міндетті түрде оған құқықтық баға беріп, процесуалдық шешім шығарамыз, – деді ол.

Бұған дейін Власть сайты мен Азаттық радиосы Дубайдағы Қазақстан шенеуніктерінің қыруар байлығы жайлы зерттеу жариялаған. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі деп аталатын Әсел Құрманбаеваның, немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қымбат жылжымайтын мүліктер бары айтылған.

 

 

Серіктес жаңалықтары