×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

«Жемқорлыққа жол ашатын сатып алулар»: «Самұрық-Қазына» сынға жауап берді

12.06.2025, 16:07
«Жемқорлыққа жол ашатын сатып алулар»: «Самұрық-Қазына» сынға жауап берді
ulysmedia коллажы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қордағы бәсекелестікке жатпайтын сатып алулардың үлесі - 10% - дан аспайды. Ал қалған «бір көзден сатып алу» тәсілімен өтетін сатып алулар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін жасалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗДЕРІ ҮШІН БЕ, ХАЛЫҚ ҮШІН БЕ

Қаржы жылының қорытындысы бойынша брифинг барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы қор сатып алуларының 60% - ы «бір көзден алу» тәсіліменжасалатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ол бұл ақпаратты растады. Бірақ ол бұл «әдіснаманың ерекшелігі» деп атады.

Бұл 60 пайыздың немесе 2,2 триллион теңге сатып алудың неден құралғанын қарайықшы. Оның ішінде 1,3 триллион теңге холдинг ішіндегі сатып алулар. Холдинг ішіндегі кооперация біздің бизнестің ажырамас бөлігі және ол өте маңызды. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» мұнай өндірді және оны «А» нүктесінен «Б» нүктесіне құбыр арқылы тасымалдау керек. Он нарыққа шығып, тендер жариялай алмайды. Ол өзінің еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл» барады. Ол құбырлар жүйесіне иелік етеді және сол мұнайды тасымалдайды. Басқа мысал, «Богатырь» көмір өндіреді. Ол көмірді Алматыдағы жылу электр станциясына жеткізу керек. Егер ол тендер жарияласа, оны жеңімпазы бәрібір айналып келіп біздің ҚТЖ-ға келеді. Бірақ делдалдың үстіндегі табысы үшін алматылықтарға көмірдің бағасы қымбатқа түседі, – деді Нұрлан Жақыпов.

Оның сөзінше, «бір көзден сатып алу» бойынша жұмсалған 364 миллиард теңге 2024 жылы болған су тасқыны кезінде өткен.

Менің ойымша, менімен көбі келіседі. Ол кезде тендер жариялап, өткізетін уақыт болмады. Адамдарға көмектесу керек болды, – деді ол.

ЖАҚЫПОВТЫҢ ӨЗ ЕСЕБІ БАР

Нұрлан Жақыповтың пікірінше, 300 миллиард теңге сатып алу табиғи монополиялар субьектілерінің сатып алуларына жұмсалған. «Су, жарық сияқты коммуналдық қажеттіліктерге ешкім тендер жарияламайды» деді ол.

 Егер осындай категорияларды алып тастасақ, онда 2024 жылы бір көзден сатып алу бойынша жұмсалған қаржы 255 миллиард теңге немесе жалпы сатып алулардың 60 пайызын емес, 7 пайызын құрайды, – деп өзінің есебін жасады қор басшысы.

Бірақ осы есепке қарамастан, Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» алдағы уақытта бір көзден сатып алудың көлемін азайтуды жоспарлап отыр деді.

Бұған дейін депутаттар «Самұрық-Қазынаның» бір көзден сатып алу жолымен сатып алулары жемқорлыққа алып келеді деген пікірлер айтқан. Жалпы, «Самұрық-Қазына» қорына қатысты дау көп. Үш жыл бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев та сынға алған. «Егер бұл қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн» деген ол сол уақытта. Бірақ сарапшылар «Самұрық-Қазынаны» реформалау үшін саяси ерік-жігер керек деген пікір айтады.

Қорды реформалау туралы талпыныстар осыдан 11 жыл бұрын да болған. Сол уақытта Қазақстанның бірнеше мемлекеттік органдары, халықаралық қаржы институттары, Еуропа қайта құру және даму банкі, 34 елдің қоғамдастығы болып саналатын Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымы, Temasek, Khazanah, Korean Investment Corporation, Qatar Investment Authority секілді шетелдік қорлардың өкілдері мен халықаралық сарапшылармен арнайы кеңес өткізіп, қазақстандық қорды трансформациялау жөнінде кеңескен. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорын қалыптастыру ел байлығын еселейтінін, бұл холдинг жоғары технологиялы әрі тиімді компания екенін айтқан. «Самұрық-Қазына» қоры – іс жүзінде «екінші Ұлттық қор» деген.

Серіктес жаңалықтары