×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Мектеп бітіру кешін думандатып өткізуге тыйым салу заңсыз болып шықты

13.06.2025, 11:46
Мектеп бітіру кешін думандатып өткізуге тыйым салу заңсыз болып шықты
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектерге арналған сән-салтанатты кештерге тыйым салу заңға қайшы. Бұл туралы заңгерлер пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮСІНІКСІЗ ТЫЙЫМ

Мектеп кештерінде дастархан жаю, кортеж ұйымдастыру сынды шараларға тыйым салынғанын министрлік тағы да еске салды. Алайда заңгерлердің айтуынша, аттестат алған соң түлектер оқушы мәртебесінен айырылады, яғни оларға қатысты жауапкершілік тек ата-анасына жүктеледі. Осыған қарамастан, бітірушілер мейрамханалардан орын брондап, кеш өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «31 арна».

– Барлық бітіру кештері мектепте емес, түрлі кафе, мейрамханаларда өтеді. Тіпті зәулім үйлерді жалдайды. Ол жерлерде не болатынына тыйым жүрмейді. Өйткені олар аттестат алып қойған, енді оқушы да емес. Мектеп әкімшілігінің оларға қатысты өкілеттігі жоқ. Полиция да тыйым сала алмайды, – дейді заңгер Сергей Уткин.

МАҢЫЗДЫ ШЕКТЕУЛЕР

Сонымен қатар, заңгерлер 18 жасқа толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта қоғамдық орындарда ересектердің қарауынсыз жүруге болмайтынын еске салады. Бұған қоса, кәмелетке толмағандарға алкоголь ішу заңмен тыйым салынған және бұл үшін жауапкершілік жасөспірімнің өзіне де, ата-анасына да жүктеледі.

Министрлік мәліметінше, биыл елімізде 217 мыңдай оқушы 11-сыныпты бітіреді. Аттестат табыстау салтанаты 18–20 маусым аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары