×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Air Astana ұшақтары екі елді айналып ұшатын болды

13.06.2025, 12:56
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Air Astana ұшақтары екі елді айналып ұшатын болды
Ашық дереккөзден

Air Astana ұшақтары Иран мен Ирак әуесі айналып ұшады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

ЖАҒДАЙ НЕГЕ УШЫҚТЫ

Израиль қорғаныс армиясы бүгін түнде Иран аумағындағы әскери нысандарға қарсы әуе операцияларын бастады. 

Соққының басты мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасына қатысты нысандар. ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс армиясы) мәліметінше, Иранда қысқа мерзім ішінде 15 ядролық оқтұмсық жасауға жететін байытылған уран қоры жиналған. Израиль мұны ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп деп бағалап, операция бірнеше күнге жалғасатынын мәлімдеді.

CNN дерегінше, Тель-Авив Ираннан ауқымды қарымта соққы күтуде. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл соққы алдыңғылардың бәрінен де күшті болуы мүмкін. Израильде төтенше жағдай жарияланып, Қарулы күштер толық жауынгерлік дайындыққа көшкен.

Серіктес жаңалықтары