×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 4 трлн теңгеге жуық қаражат алды

13.06.2025, 16:05
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 4 трлн теңгеге жуық қаражат алды
Ulysmedia

Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағын әлі де белсенді түрде жұмсап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылы 1 маусымдағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы төлемдер көлемі 3,9 трлн теңгеге жетті. Бұл қаржыны 816 мыңға жуық қазақстандық алған. Мұндай мәліметті LS порталы БЖЗҚ-ға сілтеме жасап жариялады.

Өңірлік көрсеткіштер:

Алматы қаласы көш бастап тұр — тұрғындар 1 трлн теңгеден астам қаражат шешіп алған.

Одан кейінгі орындарда:

  • Астана – 675 млрд теңге
  • Маңғыстау облысы – 580,2 млрд теңге

Ең аз қаражат шешілген өңірлер:

  • Алматы облысы – 4,2 млрд теңге
  • Ұлытау облысы – 11,5 млрд теңге

Емделуге алынған қаржы:

БЖЗҚ-дан емделуге алынған сома 745,3 млрд теңгені құрады.

Бұл қаражатты 481,5 мың қазақстандық пайдаланған.

Ең көп қаржы шешілген өңірлер:

  • Алматы – 147,8 млрд теңге
  • Атырау облысы – 101,5 млрд теңге
  • Астана – 91,2 млрд теңге
  • Маңғыстау облысы – 84,2 млрд теңге
  • Қарағанды облысы – 45,4 млрд теңге

Басқарушы компаниялар:

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыру көлемі 77,9 млрд теңгені құрады.

Көшбасшы – Halyk Finance:

  • 46,1 млрд теңге

Одан кейін:

  • Jusan Invest – 14,5 млрд теңге
  • BCC Invest – 7,8 млрд теңге
  • Halyk Global Markets – 6,8 млрд теңге
  • “Сентрас Секьюритиз” – 2,6 млрд теңге.
Серіктес жаңалықтары