×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Көлік министрінің міндетін кім атқарып жүр

13.06.2025, 17:13
Көлік министрінің міндетін кім атқарып жүр
primeminister.kz

Бүгін премьер-министрдің қатысуымен өткен жиында көлік министрінің міндетін атқарушы ретінде таныстырылған Мақсат Қалиақпаров баяндама жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларға арналған жиын өткізді. Баяндама жасағандардың қатарында көлік министрінің міндетін атқарушы Марат Қалиақпаров та болды.

ҚАЛИАҚПАРОВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Қалиақпаров 44 жаста, Қарағанды тумасы. Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Президент әкімшілігінде бастаған. Әр жылдары коммерциялық және квазимемлекеттік құрылымдарда (Ақтау теңіз порты) жұмыс істеген. Көлік министрлігінде түрлі лауазымдарда болған, Жеңіс Қасымбектің көмекшісі қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап Электрондық қаржы орталығы төрағасының орынбасары болды. 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көлік министрі қызметінен кеткен Марат Қарабаевтың отставкасына қатысты пікір білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары