Электросамокатты дұрыс қоймағаны үшін Қазақстанда айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанда электросамокаттарды дұрыс қоймағаны үшін жазалау жүйесі енгізілуде. Алдымен пайдаланушыға ескерту немесе 100 теңге көлемінде айыппұл салынады. Екінші рет ереже бұзса — 1 000 теңге, үшінші рет — 3 000 теңге. Төртінші рет және одан кейінгі бұзушылықтар үшін 10 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлады Jet компаниясы. Бүгіннен бастап бұл жаңашылдық Алматыда іске қосылды, алдағы уақытта бұл тәжірибе Астана мен Шымкент қалаларына да таралады.
ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Дұрыс қоймаудан бөлек, жазалау шаралары электросамокатты екі немесе одан көп адам айдағаны үшін, сондай-ақ мас күйде басқарғаны үшін де қолданылмақ.
КОНТЕКСТ
Өткен жылдан бастап елде электросамокат жүргізушілеріне қатысты заң күшіне енді. Ол бойынша пайдаланушылар веложолақпен немесе арнайы қозғалыс жолағымен қозғалуы тиіс, ал егер ондай жол болмаса – жолдың оң жақ шетімен жүруі қажет.