ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы сақталған жерді тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Ол жерден төрт тапанша, алты винтовкалы және тегіс ұңғылы қару тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
«14 қаңтарда «Қордай» (автомобиль) бақылау-өткізу пунктінде жолаушылар көлігімен келе жатқан Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Жүк бөлігін тінту кезінде мыналар табылды: әріптік пломбалар – 50 дана, шетелдік паспорттар – 4 дана, банк карталары – 20 дана», - делінген хабарламада.
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне жеткізілді.