×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

Қазақстандықтар сәбиімен бірге түрмеге қамалған белсендіні босатуды талап етті

16.06.2025, 10:18
Қазақстандықтар сәбиімен бірге түрмеге қамалған белсендіні босатуды талап етті

Солтүстік қазақстандық белсенді Жансұлу Дархамбаева араздық қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел адам түрмеде босанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Facebook әлеуметтік желісінде Дастан Абдырахманұлының парақшасында Жансұлу Дархамбаеваны қолдау акциясы басталды. Ол ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік немесе діни араздықты қоздыру») бойынша екі жылға сотталған. Үкім шыққан кезде әйел жүктіліктің тоғызыншы айында болған.

ТАЛАПТАР

Жүздеген қазақстандық әйелді және оның жаңа туған сәбиі Ақниетті босатуды талап етіп, билікті гуманизмге шақыруда. Қазіргі уақытқа дейін жазбаны 500-ден астам адам қолдаған.

Олар Жансұлу Дархамбаеваның бостандығын талап етіп, пікірлер жазған. 

ЖАНСҰЛУ ДАРХАМБАЕВА

Биыл мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның соты Новоишимское ауылының 35 жастағы тұрғыны Жансұлу Дархамбаеваны екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Шешім ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы — «ұлтаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қабылданған.

Дархамбаева кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізген. Алайда сот бұл жағдайды ескерместен, оған нақты жаза тағайындаған. Үкім шыққан кезде келіншек босануға шақ қалған, босану мерзімі жақындап тұрған. Соған қарамастан, ол сол күні сот залында қамауға алынып, Петропавлдағы тергеу изоляторына жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары