×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Иран ядролық қаруды таратпау жөнінде келісімнен шыққалы жатыр

Бүгін, 17:15
Иран ядролық қаруды таратпау жөнінде келісімнен шыққалы жатыр
Ulysmedia коллажы

Иран ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу жөнінде заң жобасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иран парламентшілері елдің ядролық қаруды таратпау туралы шарттан (ЯҚТШ) шығуына жол ашуы мүмкін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап BBC хабарлады.

«Соңғы оқиғаларды ескере отырып, біз тиісті шешім қабылдаймыз. Үкімет парламент қабылдаған заңдарды орындауға міндетті. Алайда бұл заң жобасы әзірге дайындық кезеңінде, әрі біз келесі кезеңдерде парламентпен үйлесе отырып әрекет етеміз», — деді Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бакаи.

Сонымен қатар ол Иранның ресми ұстанымын еске салып, елдің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін атап өтті. Дегенмен өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Тегеранның ЯҚТШ аясындағы міндеттемелерін бұзып жатқанын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Иран ядролық қаруға тыйым салуға келісетінін, бірақ бұл үшін маңызды шарттар болатынын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары