×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Министр «омикронның» негізгі белгілерін атады

18.01.2022, 08:35
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, коронавирустың  «Омикрон» штамымен ауыру – көп жағдайда  жеңіл және симптомсыз түрде өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Коронавирустың бұл түрі қысқа 2 күндік жұғу кезеңімен сипатталуда. Аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию»  көрінісі,  яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел болып саналады», - деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша,, бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80%, яғни 78 629  ауру амбулаториялық ем алып жатыр

«Соңғы аптада анықталған  жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы 19,5% - құрайды, стационарға аурудың орташа және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсуде. Бұл ретте, емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің  үлесі 5%-ды құрайды», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары